СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
(1894-1938)
XXғасырдың басында қазақ жазба әдебиетінде Абайдың ағартушылық, демократтық бағытын, ақындықөнерде ашқан соны сүрлеуін әрі қарай жаңғырта, замана талабымен үйлестіре жалғастырушы қаламгерлердің А. Байтұрсынов ұйытқы болған аса қуатты шоғыры қалыптасты. Соған өзіндік таным-түсінік, керкемдік қолтаңбасымен келіп қосылған жас талант Сәкен Сейфуллин не бары 4—5 жылда әдебиеттегі төңкерісшіл бағытты бастаушы әрі көрнекті мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді. Оның шығармашылық және азаматтық тағдырында халықтың бостандығы мен жарқын болашағын социализммен байланыстыра қарауы шешуші рөл атқарады. Осы жолда аянбай еңбектенген әмбебап талант барлық жанрда тамаша туындылар беріп, әдебиетке жаңа образдар, тың тақырыптар, түр мен өрнектер әкелді. Сөйтіп, ол қазақтың кеңес дәуіріндегі әдебиетінің негізін салушы және сол платформаға кірген қаламгерлердің серкесі болды.
Ө мірбаяны. XXғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика каламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин — қоғамдык ой-пікір, әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға. Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде — Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысыныңүйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады. Одан кейін бес жылдай Ақмолада оқьш, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтьш семинарияға түседі, оны 1916 жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары орыс және Еуропа әдебиетін ден қоя оқиды. Абайды сан қайталап, ауыз әдебиеті мен фольклордан мол хабардар болады. Сөйте жүріп, өлең жазуды машыққылады. Алғашқы өлең жинағы 1914 жылы Қазан қаласында басылып шығады. Қазақта ол кезге дейін, Мағжанды айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы шыққан ешкім болған емес.
Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп ұзамай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады. Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады, қазақ елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенеді. Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады. Өршіл ақын, екі тілге бірдей жүйрік жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі, оныңүстіне тұр-тұрпаты да айта қаларлықтай келісті бұла жігіт тез көзге түсіп, көрнекті тұлғаға айналады. Коммунистік партияның бастауымен халық бостандық альш, кедей-кепшік қалың бұқара теңдікке жетеді, әділдік орнайды деп сенген Сәкен бірден социализмді, кеңес өкіметін жақтап шығады. Ақм
Наверняка у вас есть товары или услуги, продажа которых приносит вам максимальную прибыль. Для быстрого старта в сети вам необходимо создание посадочной страницы (одностраничного сайта), на которой будет размещена информация о маржинальных товарах/услугах интернет магазина. За 8 лет опыта разработки конверсионных страниц мы выработали оптимальную структуру, которая позволит привлекать через landing page больше продаж. На такую структуру «одевается» ваш контент — фирменный стиль, тексты, фотографии, уникальные торговые предложения, после чего страница выходит в свет. Разработка лендинга и запуск в сети — до 7 рабочих дней. Стоит отметить, что в разработку самой посадочной страницы входит и написание копирайтером продающих текстов для вашего бизнеса, чтобы каждый посетитель страницы захотел совершить покупку именно у вас. Результат: качественно разработаная продающая посадочная страница, которая готова приносить вам новых клиентов.