BigEdu.ru

Габиден Мустафин

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

(1902-1985)

Мен әрдайым бүгінгіні , шамам келгенше – ерте ңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.

Ғабиден Мұстафин.

Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40- жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді.Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.

Жастық шақ Алғашқы қадам.

Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин мұрасы-осынау қағиданың дәлелі мен айғағы.

Ол 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді» -- дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу-білім іздетеді, 1916 жылы зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ» -- деп өкінеді кейін жазушы. 1918-1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жылдары оянады.

Жиырмасыншы жылдар туған еліміз үшін аса бір маңызды кезең еді. Ауылдағы негізгі тартыстар Азамат соғысынан кейінгі ауыртпалықтар, әлі оңы мен солын айыра бермейтін кедейлердің қиын хал-күйі төңірегінде өрбитін. Жастайынан талай қиянат көрген болашақ жазушы қайнаған өмір ағымынан сырт қала алмады. Өзінің алғашқы қадамы туралы «көргенімді, сезгенімді жазатынмын» -- дейді Ғабең. Демек, жазушылық өмірінің алғашқы сәтінен бастап бүкіл өнер жолына үлкен әсер осындай тартыстардың қызу ортасы еді.

Жас талапкер өзі көрген, сотқа келіп түскен шағымдарда айтылған қиянат, мұң-шер, жапа шеккен адамдар туралы нақтылы оқиға негізінде жазған хабарлам, очерк, фельетондарын «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне жариялап жүрді.

Сөйтіп, Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан-ақ өзінің өзекті тақырыбын -- бүгінгі қайнаған өмірді дәл тапты. Тұңғыш кітабы «Ер Шойынға» (1929) арқау болған да өзі жақсы білетін ауыл өмірі, кедейдің сана-сезімі, таптық күрес еді. «Ер Шойын» -- жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген, өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.

Белгілі сыншы-ғалым З. С. Кедрина жазушының өнер жолын саралай келіп, оны тың тақырыптарға алдымен баратын батылдығын, жаңашылдығын «творчестволық барлауда» деп, басып айтты. Жинаққа кірген тұңғыш шығармасы «Сәрсен мен Боқаш» (1927-1928), «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» сияқты әңгімелерінде ауылда өтіп жатқан таптық тартысты на

Внимание, отключите Adblock

Вы посетили наш сайт со включенным блокировщиком рекламы!
Ссылка для скачивания станет доступной сразу после отключения Adblock!

Скачать
Рефераты по истории ҒАБИДЕН МҰСТАФИН (1902-1985) Мен әрдайым бүгінгіні , шамам келгенше – ерте ңгіні жаздым. Жазушы, алдымен,
Оценок: 1010 (Средняя 5 из 5)

Наверняка у вас есть товары или услуги, продажа которых приносит вам максимальную прибыль. Для быстрого старта в сети вам необходимо создание посадочной страницы (одностраничного сайта), на которой будет размещена информация о маржинальных товарах/услугах интернет магазина. За 8 лет опыта разработки конверсионных страниц мы выработали оптимальную структуру, которая позволит привлекать через landing page больше продаж. На такую структуру «одевается» ваш контент — фирменный стиль, тексты, фотографии, уникальные торговые предложения, после чего страница выходит в свет. Разработка лендинга и запуск в сети — до 7 рабочих дней. Стоит отметить, что в разработку самой посадочной страницы входит и написание копирайтером продающих текстов для вашего бизнеса, чтобы каждый посетитель страницы захотел совершить покупку именно у вас. Результат: качественно разработаная продающая посадочная страница, которая готова приносить вам новых клиентов.

© 2016 - 2022 BigEdu.ru