BigEdu.ru

Са и Жиенбаев

Сағи Жиенбаев

Қазақ поэзиясына өзінің азаматтық үнімен, сырлы сазды лирикалық өлең, дастандарымен сүбелі үлес қосқан қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаев 1934 жылы мамыр айының 15-жұлдызында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы "Оймауыт" ауылында дүниеге келді. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін Жезқазған қаласындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Дарынды ақынның алғашқы өлеңдері сол кезден бастап республика баспасөзінде жариялана бастады.

Сағи Жиенбаев 1956 жылдан бастап біржола шығармашылықпен айналысты. Ол "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газеттерінде, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарында бөлім меңгерушісі болды. Ұзақ жылдар бойы "Жазушы" баспасында поэзия редакциясын басқарды.

Сағи Жиенбаевтың лирикалық өлеңдері оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп, әдеби сында жоғары бағасын алды. Тұманың тұнық суындай жарқыраған Сағи жырлары - ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған салмақты дүниелердің қатарында.

Ақынның өлеңдері туысқан халықтар және шетел тілдеріне аударылып жарық көрді. Ол қазақ композиторларымен шығармашылық байланыста болды. Ғазиза Жұбанованың "Еңлік - Кебек", Базарбай Жұманиязовтың "Махамбет" операларының либреттосын жазды.

Ақынның алғашқы "Қарлығаш" аталатын өлеңдер жинағынан кейін "Сыйлық", "Таң алдында", "Дала гүлі", "Қайырлы таң", "Алтын қалам",' "Нан мен түз" таңдамалы жинағы, "Іңкәр дүние", "Жарық жұлдыздар", "Бақ құсы" өзге де отызға тарта елең жинақтары,тандамалы дастандары жарық көрді. Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова хақында жазған "Әлия" поэмасы кезінде оқырман қауымнан жиғары бағасын алған еді.

Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка тілінде сөйлеп, халық арасында кең тарап кетті.

Сағи Жиенбаев тәржіма саласында да көп еңбек етті. Ол А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов, О.Туманян, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Ғамзатов, Д.Кугультинов, М.Қанағатов, Д.Сасунскийдің өлеңдерін қазақша тәржімалады. Мектеп оқулықтарына енген шығармалары: "Әлия", "Бозторғай", "Жарық жұлдыздар", "Жиырма сегіз",

"Ботақан", "Қошақан", "Бұзауқан", "Ұшып келем".

Сәкен Сейфуллин

Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.

Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.

Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.

1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. Ел ішінде бала оқытып жүрген жас ақын патша қылағаннан кейін Ақмолаға келеді. Ол 1918 жылы маусым айында ақтар Ақмолада Кеңес үкіметін құлатқанға дейін жас үкіметті орнықтыруға көп еңбек етеді, әлеумет қайраткері, саяси күрескер болып шынығады. "Бақыт жолында" драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының көшімен сахнаға қойылады. 1918 жылы 4 маусымда ақтар Ақмоладағы билікті ө

Внимание, отключите Adblock

Вы посетили наш сайт со включенным блокировщиком рекламы!
Ссылка для скачивания станет доступной сразу после отключения Adblock!

Скачать
Рефераты по историческим личностям Сағи Жиенбаев Қазақ поэзиясына өзінің азаматтық үнімен, сырлы сазды лирикалық
Оценок: 1000 (Средняя 5 из 5)

Наверняка у вас есть товары или услуги, продажа которых приносит вам максимальную прибыль. Для быстрого старта в сети вам необходимо создание посадочной страницы (одностраничного сайта), на которой будет размещена информация о маржинальных товарах/услугах интернет магазина. За 8 лет опыта разработки конверсионных страниц мы выработали оптимальную структуру, которая позволит привлекать через landing page больше продаж. На такую структуру «одевается» ваш контент — фирменный стиль, тексты, фотографии, уникальные торговые предложения, после чего страница выходит в свет. Разработка лендинга и запуск в сети — до 7 рабочих дней. Стоит отметить, что в разработку самой посадочной страницы входит и написание копирайтером продающих текстов для вашего бизнеса, чтобы каждый посетитель страницы захотел совершить покупку именно у вас. Результат: качественно разработаная продающая посадочная страница, которая готова приносить вам новых клиентов.

© 2016 - 2022 BigEdu.ru