Мұнай мен газ: өндіріс және пайдалану
Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.
Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын қазіргі заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын қадағалауға, ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың таза ауаға кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер жұмысы кіретін барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда қандайма болмасын жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя алатын қызметкерлер және өрт стансалары бар.
Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды. Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны тікелей пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға, сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады. Сонымен қатар, барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру компрессорлар жүйесі бар, факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Өндіріліп жатқан қышқыл газдың бөлігі одан әрі қайта өңдеу мен тазарту үшін бірден Орынбор қаласына жөнілтіледі. Өз кезегінде, Орынбордағы зауыт тазартылған құрғақ газдың аз ғана бөлігін кері, Қарашығанаққа жібереді, ол резерв ретінде пайдаланылады.
Орынборға жіберілетін қышқыл газдың басқа бір бөлігі құрғатылады. Қышқыл газдың жалпы көлемінен 40 пайызға жуығы өте жоғары қысыммен жұмыс жасайтын 3 ерекше турбиналық компрессорлар көмегімен қайтадан жер қабатына айдалады. Газды қайта айдау жер қойнауындағы жоғары қысымды ұстап тұрады, мұның өзі ҚӨҚ-на кеніштегі сұйық көмірсутектерін өндіруді жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Газдың қалған 10 пайызы күкірттен айыру қондырғысында қайта өңделеді, мұнда қышқыл газдан күкіртсутектері мен басқа да зиянды қоспалар шығарылады. Осы процесс кезінде үнемі отын газы өндіріледі, ол жергілікті тұрғындардың және кеніштегі қажеттіліктеріне жұмсалады. Күкіртен айырылған құрғақ газ турбиналық отын ретінде энергия көзі мен тұрмыстық жылыту жүйелерінде бу қазандықтарында, және басқа да өнеркәсіп мақсаттарында пайдаланылады.
Жоғарыда аталған технологиялық процесс кезінде күкіртің қандайма болмасын өндірісінің немесе сақталуының толығымен жоқ екендігін атап өту қажет. Газды күкірттен айыру процессі газды қайтадан айдау процессі кезінде тепе-теңдікке келтіріледі, өйткені оның кезінде жер қабатына қышқыл газдың пайдаланылмаған көлемдері мен технологиялық пайдалануға жатпайтын газ айдалады. Бұл процесс өзімен тиімді экологиялық шешімді көрсетеді, мұнай өндіру деңгейін көтереді, толығымен алғанда кәсіпорынның өндірістік шығындарын азайтады.
ҚӨҚ-ның к
Наверняка у вас есть товары или услуги, продажа которых приносит вам максимальную прибыль. Для быстрого старта в сети вам необходимо создание посадочной страницы (одностраничного сайта), на которой будет размещена информация о маржинальных товарах/услугах интернет магазина. За 8 лет опыта разработки конверсионных страниц мы выработали оптимальную структуру, которая позволит привлекать через landing page больше продаж. На такую структуру «одевается» ваш контент — фирменный стиль, тексты, фотографии, уникальные торговые предложения, после чего страница выходит в свет. Разработка лендинга и запуск в сети — до 7 рабочих дней. Стоит отметить, что в разработку самой посадочной страницы входит и написание копирайтером продающих текстов для вашего бизнеса, чтобы каждый посетитель страницы захотел совершить покупку именно у вас. Результат: качественно разработаная продающая посадочная страница, которая готова приносить вам новых клиентов.