BigEdu.ru

Бизнес жоспар

Мазмұны

Кіріспе

1.1Маркетингтік зерттеулердің мәні

Кіріспе

Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ­­­­– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.

Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды.

Мен өз жұмысымды маркетингтік зерттеулер әдістемелерінің қолдану аясын белгілеп, осы тәсілдердің тиімді жақтарын анықтауды мақсат еттім. Бүгін маркетингтік зерттеулердің әдістерін-жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық әдістің ерекшелігі жабық түрдегі сауалнама жүргізу болып табылса, сапалық – сауалнаманың бірнеше түрлерін қолдануды қажет етеді. Атап айтсақ, бүгін оның – бақылау, тереңдетілген сұхбат,фокус топтар және тағы басқа түрлері кеңінен пайдаланылады.

Маркетингтік зерттеулер – компанияның рыноктағы мүмкіндіктерін әділ бағалау және алдына қойған мақсатына минималды қауіп-қатерсіз жетудің тиімді бағыттарын белгілеу мүмкіндігін жасайды.

1.1Маркетингтік зерттеулердің мәні

Маркетингтік зерттеулер дамуының бірінші кезеңі Америкада массалық стандартты тұтынушылық тауарлар сату дәуірімен бай-ланысты болды. Өндірушілер делдалдар (супермаркеттер, көтерме дүкендер) арқылы сатып алушылармен тікелей байланысы болмағандықтан, зерттеулер маркетингтік іскерлікті бағалау құралы ретінде қарастырылды. Бұл рыноктық зерттеулердің маңызды функциясы болып, ал зерттеулер мен маркетингтік әрекеттің бір мақсаты болды, жақсы сауда маркалары тұтынушыларын қанағаттандыру дәрежесін табу арқылы оны қолдауға көп ақша жұмсалды. Осы үшін зерттеулер келесі типтерде болды: тауар және жарнаманы тесттеу; бөлшектей аудит; нарықтық эксперименттер; массалық ақпараттар құралдары аудиториясын зерттеу.

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз-компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.

Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын макроортаны талдау.

Маркетингтік зерттеулер-бұл тұтынүшылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызд

Внимание, отключите Adblock

Вы посетили наш сайт со включенным блокировщиком рекламы!
Ссылка для скачивания станет доступной сразу после отключения Adblock!

Скачать
Рефераты по банковскому делу Мазмұны Кіріспе 1.1Маркетингтік зерттеулердің мәні Кіріспе Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір
Оценок: 1001 (Средняя 5 из 5)

Наверняка у вас есть товары или услуги, продажа которых приносит вам максимальную прибыль. Для быстрого старта в сети вам необходимо создание посадочной страницы (одностраничного сайта), на которой будет размещена информация о маржинальных товарах/услугах интернет магазина. За 8 лет опыта разработки конверсионных страниц мы выработали оптимальную структуру, которая позволит привлекать через landing page больше продаж. На такую структуру «одевается» ваш контент — фирменный стиль, тексты, фотографии, уникальные торговые предложения, после чего страница выходит в свет. Разработка лендинга и запуск в сети — до 7 рабочих дней. Стоит отметить, что в разработку самой посадочной страницы входит и написание копирайтером продающих текстов для вашего бизнеса, чтобы каждый посетитель страницы захотел совершить покупку именно у вас. Результат: качественно разработаная продающая посадочная страница, которая готова приносить вам новых клиентов.

© 2016 - 2022 BigEdu.ru